Еңбекке жарамсыздық парағы тек электронды түрде беріледі

23 Қаңтар 2024, 09:23
489
Бөлісу:
Еңбекке жарамсыздық парағы тек электронды түрде беріледі
Фото: BAQ.KZ - архив

Денсаулық сақтау министрлігі жұмыс берушінің еңбекке жарамсыздық парағының артына қағаз жүзінде қол қою қажеттілігін де толығымен алып тастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2024 жылдан бастап Қазақстанда еңбекке жарамсыздық парағы тек электронды түрде беріледі.

Еңбекке жарамсыздық парағы бар бөлімді eGov.kz порталы мен мобильді қосымшасында қолжетімді eDensaulyq сервисінде көруге болады.

Биыл біз қағаз түріндегі еңбекке жарамсыздық парағын толығымен алып тастадық. Еңбекке жарамсыздық парағын ашу туралы фактілер де азаматтың келісімімен жұмыс берушіге электронды түрде беріледі. Егер бұрын жұмыс беруші қызметкердің науқас екенін ол ауырып қалғаннан кейін ғана білсе, яғни қызметкер еңбекке жарамсыздық парағын жұмысқа шыққан кезде ғана алып баратын. Енді еңбекке жарамсыздық парағын ашу немесе ұзарту кезінде хабарлайтын боламыз, - деді Денсаулық сақтау вице-министрі Бейбіт Есенбаев.

Денсаулық сақтау министрлігі жұмыс берушінің парақтың кері жағына қағазға қол қою қажеттілігін толығымен алып тастады.

Енді қағаз түріндегі еңбекке уақытша жарамсыз парағын алу үшін емханаға барудың қажеті жоқ.  Енді қызметкерг де, жұмыс берушіге де ыңғайлы болды, өйткені ақпарат толығымен электронды түрде қолжетімді болады, - деп түйіндеді Бейбіт Есенбаев.

Соңғы жылдары денсаулық сақтаудағы цифрлық өзгеріс қағаз айналымынан бас тартуға ғана емес, сонымен қатар заманауи сервистер негізінде медициналық көмек көрсетудің бірыңғай электрондық экожүйесін кезең-кезеңімен құруға мүмкіндік берді.

Мысалы, амбулаториялық қабылдау үшін дәрігерге онлайн жазылуға болады, емдеуге жатқызу, дәрілік заттарды алу және еңбекке жарамсызды парақтарын жазу тәртібін қадағалай аласыз. eGov Mobile мобилдік қосымшасында қол жетімді eDensaulyq сервисінің көмегімен пайдаланушылар донорлық, медициналық қарсы көрсетілімдер, жүкті әйелдерді есепке алу және диспансерлеу туралы кеңейтілген ақпарат ала алады.

Бұл сервис азаматтарға тіркеуді анықтаған жағдайда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жүгінуге және пациенттің қызмет көрсетудегі ашықтығы мен қанағаттанушылығын бағалауды арттыру үшін пациенттің биометриясын, QR-кодын және SMS-растауды енгізуге мүмкіндік береді.

Жаңалықтарға дәрілер мен медициналық бұйымдардың бірыңғай жіктеуішін іске қосу, медициналық ұйымдардың арасында клиникалық деректермен алмасу қызметі, еңбекке жарамсыздық парақтары мен анықтамаларын беру процесін оңтайландыру және медициналық қызметтерге ақы төлеу үшін төлем жүйелерін жетілдіру кіреді.

Биылғы жылы «E-densaulyq» ядросы ӘлМСҚ медициналық көмегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесі, электрондық медициналық кітапшалар, вакцинациялаудың электрондық паспорты бөлігінде іске қосылады. Сондай-ақ вакцинациялауға қарсы көрсетілімдері бар адамдарға медициналық қарсы көрсетілімдерін есепке алуды, QR арқылы ақылы дәрілік затты алуды, клиникалық қызметтердің нәтижелерін көрсетуді автоматтандыру енгізілетін болады.

Өзгелердің жаңалығы