Еңбек саласында 3547 құқық бұзушылық фактісі анықталды

28 Сәуір 2022, 17:09
1964
Бөлісу:
Еңбек саласында 3547 құқық бұзушылық фактісі анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған баспасөз конференциясында Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы Ербол Нұрғалиев.

Өткен жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша 3547 бұзушылық фактісін анықтаған болатын. Бұзушылықтардың негізі жұмыскерлерді қауіпсіздік еңбек жағдайларымен қамтамасыз етпеуі, жеке және ұжымдық қорғау құралдарымен, арнайы киіммен және арнайы аяқ киіммен қамтамасыз етпеуі, еңбек қауіпсіздігі және арнайы оқыту жүргізбегендігі сияқты кемшіліктер анықталып отыр, – деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі комитетінің төрағасы. 

Сондай-ақ Ербол Нұрғалиев зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлерге мемлекет тарапынан бөлінетін өтемақы көлемін де айтты.

2021 жылы еліміз бойынша 681 мың қызметкер зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істегені үшін 167 млрд теңгеден астам сомаға әртүрлі өтемақы алды. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 19 процентке артық болып отыр. Мемлекеттік бақылау нәтижелері анықтаған бұзушылықтардың 30 проценттен астамы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелеріне тиесілі екенін көрсетіп отыр, – деді ол. 

Айта кету керек, кәсіпорындарды тексеру қорытындысы бойынша анықталған бұзушылық фактілері үшін 325 млн теңге сомаға айыппұл салынды.

Өзгелердің жаңалығы