Еңбек нарығында роботтар адамдарды алмастыра ма? Министр жауабы

20 Қараша 2022, 17:08
1416
Бөлісу:
Еңбек нарығында роботтар адамдарды алмастыра ма? Министр жауабы

Роботтар адамдарды алмастыра ма? Бұл еңбек нарығындағы өзгеріске әкелуі мүмкін бе? Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі  Бағдат Мусин жауап берді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Роботтар – жасанды интеллекттің негізінде жасалған құралдар. Жалпы, жасанды интеллекті біз жиырма жыл бойы автоматандырумен айналыстық, яғни бүкіл адамдарға тиесілі ақпаратты жинақтадық. Ақпараттың базасы жиналғаннан кейін жасанды интелект өзі  оны әрі қарай қорыта алады. Былайша айтқанда, ол жасанды немесе дайын жауапты бермей, өзі жауап бере алатын дүние.

Мысалы, «Сергек» алғашында жылдамдықты анықтайтын құрал болатын. Ал қазіргі уақытта құрылғы 10 шақты құқықбұзушылықты айқындай алады. Қарап отырсақ, 5 жылда өзін-өзі дамытатын жасанды интеллектің негізінде жасалған құрал, – деді ведомсва басшысы.

Мусиннің пікірінше, жасанды интеллект адамның орынын алмастыра алмайды.

Өйткені адамның эмоциясы сонымен бірге адамның сезім білдіруі, шешім қабылдау секілді процестері бар. Сол себепті жасанды интеллект адамның орнына келе алмайды, – деді ол.

Министрлің айтуынша, цифрландыру бүкіл салада дамып жатыр. Бірақ оның пайдалы да, қауіпті де тұстары бар.


Мәселен, адамның пайдасы үшін машина құрастырса, біреулер соғыс үшін танк құрастырады. Осының барлығын жүйелеп отыру үшін арнайы салалармен бірлесіп заң қабылдау керек. Оны шектеу үшін заңдар қажет. Бұл мәселені депутаттар мен министрліктермен сараптап, зерттеулер жасап, бұл тарапта жұмыс істеп жатырмыз, – деді Цифрлық даму министрі «Біздің ел – біздің таңдау» онлайн марафоны барысында.

Өзгелердің жаңалығы