Enbek мобильді қосымшасында кәсіптік оқыту курстары қол жетімді болды

23 Қаңтар 2024, 14:02
467
Бөлісу:
Enbek мобильді қосымшасында кәсіптік оқыту курстары қол жетімді болды

Enbek мобильді қосымшасында жаңа дағдылар мен құзыреттерді игеру мүмкіндігі пайда болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Енді Skills Enbek кәсіптік оқыту платформасында орналасқан курстарды смартфон арқылы оқуға болады.

Қосымшада пайдаланушыларға оқу үшін курстарды іздеу, берілген мамандықтар немесе дағдылар бойынша таңдау мүмкіндігі, сондай-ақ кілт сөздер бойынша кеңейтілген іздеу (мамандық немесе курстың атауы) қол жетімді.

Курсты таңдағанда, пайдаланушы оның сипаттамасымен, ұзақтығымен, сабақтар мен тапсырмалардың санымен, авторымен және шолуларымен таныса алады. Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін «Диалогтар» бөлімінде авторлармен кері байланыс қол жетімді

Оқу барысы мен оқу тарихы жеке кабинетте, «Менің оқуым» бөлімінде қолжетімді. Курсты сәтті аяқтап, қорытынды тестілеуден өткеннен кейін жүктеуге болатын электрондық сертификат беріледі. Аяқталған курс бойынша алынған дағдылар мен сертификаттар Enbek.kz-тегі пайдаланушының түйіндемесінде автоматты түрде көрсетіледі.

Осылайша, Enbek мобильді қосымшасында бүгінгі күнде келесі мүмкіндіктер бар: жұмыс іздеу, жұмыссыздарды тіркеу, жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдер алу, Business.Enbek.kz кәсіпкерлікті қолдау қызметтеріне қол жеткізу және Skills Enbek курстарында оқу.

Enbek қолданбасы барлығына тегін және PlayMarket және AppStore-да қолжетімді.

Өзгелердің жаңалығы