Еңбек министрі: Жұмыс істегісі келетін жастарды әскерден босату керек

25 Маусым 2024, 12:00
4760
Бөлісу:
Еңбек министрі: Жұмыс істегісі келетін жастарды әскерден босату керек
Фото: Үкімет баспасөз қызметі

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мамандығы бойынша жұмыс істегісі келетін жастарды әскерден босату керегін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Еңбек министрі бүгінгі таңда Қорғаныс министрлігімен келісім жүргізіліп жатқанын айтады.

Қазіргі таңда техникалық мамандықтар бойынша мамандардың тапшылығын ескеріп, оқу орнын аяқтап, мамандығы бойынша жұмыс істеп жатқан техникалық мамандық иелерін әскери борышын өтеуден босату мәселесін қарастыруды және оларды әскери дайындықтан өткізу үшін коллеждерде сержант құрамын дайындауға бағытталған әскер кафедраларды ашуды ұсынамын, - деді Жақыпова Үкімет отырысында.

Өзгелердің жаңалығы