Елордада «Еңбек» бағдарламасына қатысу үшін өтінім қабылданып жатыр

4 Қыркүйек 2019, 15:15
1508
Бөлісу:
Елордада «Еңбек» бағдарламасына қатысу үшін өтінім қабылданып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Астаналық Жұмыспен қамту орталығы қала тұрғындарын «Еңбек»  бағдарламасына қатысып, қысқа мерзімді кәсіби оқытудан өтіп, жұмысқа орналасуға шақырады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады. 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек»мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2019 жылы қысқа мерзімді кәсіптік оқуға қабылдайды.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өтіп жатқан бағдарламаға қатысушыларға ай сайынғы 21 787 теңге көлемінде шәкіртақы төленіп, оқу аяқталған соң біліктілігі туралы куәлік беріліп, жұмысқа орналасуға көмек көрсетіледі.

Сондай-ақ, жұмыссыздар 100 АЕК, 29 жасқа дейінгі жастар, АӘК алатын аз қамтылғандар, көп балалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі еңбекке жарамды тұлғалардың 200 АЕК мөлшерінде жаңа бизнес идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант алу мүмкіндігі бар. Бағдарламаға қатысу үшін жеке куәлік, білімін растайтын диплом, еңбек кітапшасының түпнұсқасы мен көшірмелерін ұсыну керек. Толық ақпаратты Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік к-сі 25 мекен-жайы бойынша орналасқан Халықты жұмыспен қамту орталығынан біле аласыздар. Тел: +7 7172 57 89 78, 95 44 16

Өзгелердің жаңалығы