Әлемде ең жоғары ақы төленетін актердің есімі белгілі болды

22 Тамыз 2019, 22:46
2037
Бөлісу:
Әлемде ең жоғары ақы төленетін актердің есімі белгілі болды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ең жоғары ақы төленетін актерлардың тізімін Жақында ғана үйленген Дуэйн "Скала" Джонсон бастады. Ол әйгілі "Мстителий" фильміндегі Роберт Дауни-младший мен Крис Хемсвортты басып озды.

Forbes журналының мәліметінше, Джонсон 2018 жылдың 1 маусымынан 2019 жылдың 1 маусым аралығында 89,4 млн доллар табыс тапқан.

2018 жылы басты рөлді Джонсон сомдаған "Небоскреб" фильмі шықты. Бұдан бөлек, «Футболшылар» сериалының әр эпизодына түскені үшін актерға 700 мың доллар төленеді», - делінген Forbes журналында.

c797b096e66786da67988f563c32a290.jpg

Дуэйн Джонсон

Ол сонымен қатар кассалық франшизалардан, оның ішінде "Форсаж: Хоббс және Шоудан" пайыз алып отырады.

Аталмыш тізімнің былтырғы лидері Джордж Клуни «ондыққа» кірмеді. 

Екінші және үшінші орындарға "Мстителий: Финал" фильміне түскен актерлар Крис Хемсворт (62,9 млн) пен Роберт Дауни-младший (66 млн) табан тіреді. Олардан кейін ең көп төлемақы алатындардың қатарында Ашкай Кумар (65 млн) мен Джеки Чан (58 млн) көрінді. 

robert-dauni-mladshij-1024x768.jpeg

Роберт Дауни-младший

hd-chris-hemsworth-wallpapers-55.jpg

Крис Хемсворт

Akshay-Kumar-in-boss-hd-photos.jpg

Ашкай Кумар

s1200 (1).jpg

Джеки Чан

Сондай-ақ «бай» актерлардың ондығына Брэдли Купер (57 млн), Адам Сэндлер (57 млн), Крис Эванс (43,5 млн доллар), Пол Радд (42 млн) және Уилл Смит (35 млн) кірді.

Өзгелердің жаңалығы