Ең белсенді қатысушылардың бірі

20 Наурыз 2023, 19:03
1285
Бөлісу:
Ең белсенді қатысушылардың бірі
Фото: Бақытжан Базарбек штабы

Депутаттыққа үміткер Бақытжан Базарбектің штабы өздерінің жеңісі туралы ресми жариялады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ. тілшісі.

Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісіне Алматы қаласының №5 сайлау округі бойынша депутаттыққа кандидат Бақытжан Базарбек өзінің Instagram-дағы ресми парақшасында өткен баспасөз конференциясында айтты.

Алматыдағы 199 учаскеде бақылаушы ретінде қатысқан менің сенімді өкілдерімнің айтуынша, кешегі сайлауда мен үшін 25 мыңнан астам адам дауыс берген. Демек, біз жеңіс тұғырындамыз. Әзірге, біздің қолымызға соңғы қорытынды деректер тиген жоқ. Нәтижені бүгін білетін боламыз», – дейді спикер конференция барысында.

Спикердің айтуынша, бақылаушылар Алматыдағы 230 учаскеде жұмыс істеген.

Менің штабым үлкен жұмыс атқарды. Штаб қызметкерлері үлкен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Сайлау кезінде біздің барлық бақылаушыларымыз – заңгерлер, адвокаттар, бау-бақша серіктестіктерінің қатысушылары, қарапайым азаматтар Алматыда 230 учаскеде жұмыс істеді. Бұл адамдардың барлығы менімен ұзақ уақыт бірге жұдырықша жұмылып жұмыс істеді. Маған сенім арта отырып, үлкен қолдау көрсетті. Баршаңызға ұйымшылдықтарыңыз үшін, маған көрсеткен көмектеріңіз бен қолдауларыңыз үшін алғыс айтамын, – деді Б.Базарбек.

Бақытжан Базарбек өзінің жеңісіне сенімді екенін айта келіп, мандат алғаннан кейін жерді қайтару мәселелеріне қатысты жұмыстарды қайта жалғастыратынын айтты.

Мен бұл сайлауға үлкен дайындықпен келдім. Сондықтан болар, қарапайым халықтың басым бөлігі маған дауыс беріпті. Бұл мен үшін үлкен мәртебе. Алматыда заңсыз салынған құрылыстар мен жер қатынастарына байланысты мәселелер  көп. Олардың бірқатары бүгінге дейін оң шешімін  тауып, мемлекет меншігіне қайтарылды. Бірқатар даулы мәселелерге қатысып, заңсыз пайдаланылуға берілген жерлерді мемлекет меншігіне қайтаруға үлес қостым, – дейді үміткер.

Алматыдағы №5 округтің сайлау учаскесі бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткерлер арасындағы ең белсенді кандидаттардың бірі Бақытжан Базарбек үгіт-насихат кезеңінде 5 мыңнан астам сайлаушымен кездесу өткізген.

Кандидат өзінің сайлауалды бағдарламасында, сондай-ақ үгіт-насихат кезеңінің бір айында 5 мыңнан астам сайлаушымен 90-ға жуық кездесу өткізген. Бірнеше ондаған проблемалық мәселелерді бақылауға алған. «Мечта» проблемалық тұрғын үй кешеніне барып, үйлерінің айналасына жаппай салынып жатқан құрылысқа алаңдайтынын  жеткізген тұрғындардың мұңын тыңдады.

 Үгіт насихат кезінде сайлаушылардың барлық топтарын қамти отырып, білім, денсаулық сақтау саласы өкілдерімен, ардагерлермен және жастармен кездесулер өткіздім. Бостандық, Наурызбай және Медеу аудандарындағы мектептер мен емханаларды, қан орталықтарын, жеке секторларды  және тұрғын үй құрылыстарын араладым, – дейді кандидат.

Бақытжан Базарбек сайлау науқанының ең белсенді және креативті қатысушыларының бірі болып саналады. Тіпті, үміткерге арнап АҚШ-та тұратын танымал әнші Диаз Муссалимов «Ең жақсы депутат» атты ән жазып үлгерді.

Трек қазірдің өзінде хит болып жатыр және Apple Music, Amazon Music, Spotify, Deeser, Вконтакте желісінде, Яндекс музыка  және барлық ағынды музыкалық платформаларда шырқалып жатыр, – дейді ол.

Әлеуметтік желіде жылдам таралған әнді тыңдаған желі қолданушылары «Базарбек– Базар жоқ» ұраны сайлау кезінде есте қаларлық ұрандардың біріне айналды дейді.

Өзгелердің жаңалығы