Емтиханнан кейін суицид жасаған оқушыға қатысты оқиғадан соң директор қызметінен шеттетілді

16 Маусым 2021, 17:01
11983
Бөлісу:
Емтиханнан кейін суицид жасаған оқушыға қатысты оқиғадан соң директор қызметінен шеттетілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында мектептің үздік оқушысы өз-өзіне қол жұмсағаннан кейін мекеме директоры қызметінен шеттетілді.

Мектеп директорының қызметінен екі аптаға шеттетілгені анықталды.

Мектеп басшысы қызметінен уақытша шеттетілді. Тергеу амалдары аяқталғаннан кейін түпкілікті шешім қабылданады, - деді Ордабасы аудандық адам әлеуетін дамыту бөлімінің басшысы Шұға Нұрабаева.
Otyrar.kz деректеріне сүйенсек, марқұм болған тоғызыншы сынып оқушысының ата-анасы баланың өліміне мектеп директорының қатысы бар деп отыр.

Оқушы емтиханнан төрттік алып келгеннен кейін асылып қалған. Қайтыс болған қыздың туыстарының пікірінше, мектеп басшысы емтихан кезінде оқушыға қысым көрсеткен.

Ал мектеп басшысы болса, қайтыс болған оқушының жақсы оқығанын білмегендігін, оған қысым көрсетпегенін айтып сендірді.

Өзгелердің жаңалығы