Емтиханға басқа адам кіреді. Мусин жүргізуші куәлігін беруді қалай цифрландырғанын айтты

24 Мамыр 2022, 12:36
1138
Бөлісу:
Емтиханға басқа адам кіреді. Мусин жүргізуші куәлігін беруді қалай цифрландырғанын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  Бұл туралы Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Ақтөбе облысының тұрғындарымен кездесу барысында айтты. 

Адам жүгінбей жасалатын қызметтер проактивті деп аталады. Олардың саны қазір 23. Халыққа қызмет көрсететін арнайы орталықтардың жұмысына келетін болсақ, жүргізуші куәлігін алу кезінде емтихан тапсырылды ма? Жүргізуші практика мен теорияны бірдей біле ме? Жолдағы апаттардың санын арттырмай, қысқарту үшін видеокамераларды енгізу аз. Жүргізуші куәліктерін дұрыс беру керек. Орталықтарда оны беру процесін өзгерттік. Өзім де зерттедім, - деді Мусин.

Ол атағандай, арнайы ХҚКО-ларға адамдар келіп, құжаттарын тапсырады, алайда емтихандарға жақсы білетін адам кіреді. 

Осындай оқиғалар болды. Бұл – жемқорлық, оны тек цифрландыру арқылы ғана жеңе аламыз. Мұндай оқиғаларды болдырмау үшін келбет арқылы танитын дәлелдеу құралы енгізілді. Емтихан тапсыру кезінде де биометрия қолданылып, оның тұлғасын анықтау жүзеге асырылады. Ақтөбе облысында 36 мың адам жүргізуші куәлігін алған. Ал биыл бұл көрсеткіш 15 мың болды. Келушілер қатары азаймады, ал куәлікті беру дерегі азайды. Әлі де жұмыс істейтін бағыттар бар, - деді Мусин. 

Өзгелердің жаңалығы