Эльжана Таниева Испаниядағы гран-при турнирінде қола жүлдегер атанды

28 Наурыз 2022, 12:30
1434
Бөлісу:
Эльжана Таниева Испаниядағы гран-при турнирінде  қола жүлдегер атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Испанияның Марбелья қаласында көркем гимнастикадан Гран-при турнирі аяқталып, қазақстандық Эльжана Таниева жүлдегерлер қатарынан көрінді, деп хабарлады Olympic.kz. 

Отандық гимнаст ұршықпен жаттығу бойынша қола медаль жеңіп алды. Бұл жаттығуда болгариялық Стиляна Николова топ жарса, оның отандасы Ева Брезалиева күміс жүлдегер атанды. 

Айта кетелік, бұл Эльжананың осы маусымдағы екінші медалі. Бұған дейін ол Ресейегі Гран-при турнирінде күміс иеленген болатын. 

Өзгелердің жаңалығы