Елшілік өкілдері Киркенесте қазақстандық жауынгерлерді еске алды

13 Желтоқсан 2020, 19:07
1433
Бөлісу:
Елшілік өкілдері Киркенесте қазақстандық жауынгерлерді еске алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Норвегияның солтүстігіне жасаған іс-сапары аясында Қазақстан елшісі Еркін Ахинжанов Тромс-ог-Финнмарк провинциясындағы Сөр-Ворангер муниципалды аймағындағы Киркенес қаласына барды.

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Отандық дипломаттар Киркенестегі кеңес жауынгерінің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Бұл рәсімге Сөр-Ворангер муниципалитетінің мэры Пол Габриэлсен мен Ресейдің Киркенес қаласындағы Бас консулы Николай Коныгин қатысты.

Елшілік өкілдері Киркенесте қазақстандық жауынгерлерді еске алды

1944 жылдың қазан мен қараша айларында Кеңес Одағы жүзеге асырған Петсамо-Киркенес операциясының нәтижесінде Вермахт әскері кеңестік арктикадан, солтүстік Финляндия мен солтүстік Норвегиядан ығыстырылған болатын. Болжам бойынша шабуылға бірнеше мың қазақстандық қатысқан. Жуырда Қазақстанның Норвегиядағы елшілігі операция кезінде қаза тапқан 65 қазақстандықтың есімдерін анықтап жариялады.

Біз 1944 жылдың күзінде Шығыс Финнмаркты азат еткендерге әрқашан да ризашылығымызды білдіреміз, - деп Сөр-Ворангердің мэры П. Габриэльсен басып айтып, елшілікке қаза болған қазақстандық жауынгерлері туралы берген ақпараты үшін өз алғысын айтты.

Сонымен қатар елші Киркенестің маңайындағы Эльвенес қалашықта орналасқан әскери тұтқындары үшін жасалған нацистік лагеріндегі кеңес жауынгерлерінің мемориалына да барды. Бүгінге дейін осы лагерде 1941 мен 1944 жылдары аралығында қаза тапқан 18 қазақстандықтың есімдері анықталды. Жалпы Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде бүкіл Норвегиядағы еңбек лагерлерінде қаза болған 44 қазақстандық жауынгердің есімдері белгілі болды.

Елшілік өкілдері Киркенесте қазақстандық жауынгерлерді еске алды

Сөр-Ворангер муниципалитетіндегі кездесу барысында Қазақстанның Норвегия солтүстігімен сауда-экономикалық ынтымақтастықтың, көлік байланысын құрудың, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтудың тиімділігі талқыланды.

Өзгелердің жаңалығы