Елорданың жосықсыз құрылыс салушылары жауапкершілікке тартылды

20 Қыркүйек 2023, 11:50
666
Бөлісу:
Елорданың жосықсыз құрылыс салушылары жауапкершілікке тартылды

Елорда прокуратурасы уәкілетті органдармен бірлесіп үлестік құрылыс саласында тұрақты негізде жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2019 жылдан бері проблемалы жылжымайтын мүлік саны 150-ден 32-ге, ал алданған үлескерлер 16 мыңнан 4 мыңға дейін қысқарды.

Осы кезеңде прокуратура 4 993 үлескердің мүддесіне 48,5 млрд теңгеге 125 талап-арыз жолдады. Жосықсыз құрылыс салушыларға қарсы профилактикалық шаралар қабылдануда.

Уәкілетті органмен 2019-2023 жж үлескерлерден ақша тартуға құқығы жоқ 149 компания әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Өткен кезеңде 4 құрылысшы сотталды. Бүгінде полицейлермен 10 тұрғын үй кешенін салушы компания басшыларына қатысты 7 қылмыстық істер тергелуде. 5 адам қамауға алынды. Аталған тұлғалардың әрекетінен 426 азамат зардап шеккен, - деп хабарлады Астана қаласының прокуратурасы.

Елорда қонақтары мен тұрғындарына құрылыс салушыны таңдауда абай болу керектігі ескертілді.

Азаматтардың қаражатын тартуға құқығы бар құрылыс салушылардың тізімі www.egov.kz сайтында көрсетілген.

Өзгелердің жаңалығы