Елорданың 25 жылдық мерекесіне орай республикалық жыр мүшәйрасы өтеді

18 Сәуір 2023, 14:53
1104
Бөлісу:
Елорданың 25 жылдық мерекесіне орай республикалық жыр мүшәйрасы өтеді
Фото: kazgazeta.kz

Астана қаласының 25 жылдық мерекесіне орай «Жасай бер, жайнай бер, Астана» атты республикалық жыр мүшәйрасы өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Elorda.info сілтеме жасап.

Іс-шараны «Тарихи мәдени мұраны сақтау және пайдалану орталығы» ұйымдастырып отыр.

Астанамыздың 25 жылдық тойына арналып жариялап отырған биылғы мүшәйраның мәні, тіпті ерекше. Астананы жырлау – азаттықты жырлау, тарихымызды жырлау, ұлт болашағын жырлау, тәуелсіздік жолында құрбан болған ерлер рухын жырлау деп білгеніміз жөн. Сондықтан да биылғы мүшәйраның тақырып аясы барынша кең. Жүлде қоры да өте қомақты. Әділетті Қазақстан құруға бет бұрып отырған тарихи кезеңде ақындарды осы дүбірлі жыр бәйгесіне қатысуға шақырамыз, - деп жазылған ұйымдастырушылар таратқан хабарламада.

Жыр додасында топ жарған жүлдегерлерге төмендегідей қаржылай сыйақылар беріледі:

Бас жүлде – 3 300 000.

Бірінші орын – 2 200 000.

Екінші орын екеу – 1 100 000.

Үшінші орын үшеу – 660 000.

Ынталандыру сыйлығы бесеу – 330 000.

Мүшәйраға еш жерде жарық көрмеген өлеңдер, толғаулар қатыса алады. Үміткер шығармалар 2023 жылғы 15 маусымға дейін қабылданады. Мүшәйра қорытындысы Астана күні қарсаңында жарияланып, марапаттау рәсімі 30 маусым күні Астана қаласының «Жастар театрында» өтеді.

Үміткерлер шығармасын компьютерде теріп, төмендегі мекенжайға жіберу керек. Немесе электрондық поштаға жолдауға болады: astanakalamger@mail.ru, Астана қаласы, «Тарихи мәдени мұраны сақтау және пайдалану орталығы». Отырар көшесі, 1/2 үй. ИНДЕКС: 010000. Автордың аты-жөні, мекенжайы, байланыс телефоны, электрондық поштасы міндетті түрде көрсетілуі керек, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы