Елорданың проблемалық тұрғын үй кешені ғимаратының терезелерін орнатып жатыр

9 Қыркүйек 2019, 15:01
1514
Бөлісу:
Елорданың проблемалық тұрғын үй кешені ғимаратының терезелерін орнатып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала әкімі Алтай Көлгінов таңертеңгілік аралау кезінде «Аниса -2/3» проблемалық тұрғын үй кешенін қайта аралады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайтында жазылды.

Пәтер кілттерін тұрғындар 2015 жылы алуы керек еді. Үлескерлердің саны 180 адам. Үй құрылысын аяқтау 2020 жылдың екінші жарты жылдығында жоспарланып отыр. Елорда әкімі «Аниса-2/3» ТК-ге барған сәттен бастап аумақта ғимараттың қасбеті, терезелер мен балкон сүйеніштерін орнату, үйдің шатырын жабу жұмыстары басталды. Үйдің жеке блоктарының қадалары 70% соғылды.

Құрылыс салушының айтуынша аумақтың жобасы бар, бірақ канализация жүргізу жобасы жоқ. Қала әкімі Алтай Көлгінов құрылыс жұмыстарын мерзімінде аяқтау қажет екенін атап өтті.

Қалада барлығы 51 проблемалық объект (76 үй) бар. Nur Otan және мәслихат депутаттары құрылыс барысын қадағалайтын болады.

Өзгелердің жаңалығы