Елордалықтар тістерін тегін емдете алады

28 Наурыз 2023, 13:33
819
Бөлісу:
Елордалықтар тістерін тегін емдете алады
Фото: medexpert.by

Астананың  Сарыарқа, Байқоныр аудандарында тіркелген азаматтар 3-7 сәуір аралығында тегін тіс емдеу және протездеуге жазыла алады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Стоматология» Оқу-клиникалық орталығы» ЖШС Астана қаласы бойынша Сарыарқа, Байконыр аудандарында тіркелген азаматтарды 2023 жылғы 3-7 сәуір аралығында сағат: 09-00-18-00 ге дейін (үзіліс уақыты: 13-00 – 14-00 дейін) тегін тіс емдеу және протездеуге тіркейді.

Тегін тіс емдеу және протездеуге келесі санаттар қабылданады: 

• ҰОС ардагерлері және ҰОС-ның мүгедектері, соған теңестірілгендер (Чернобыль, Ауған соғысы ардагерлері)
• Жасы бойынша зейнеткерлер (ер кісілер-63 жасы, әйел кісілер -61жас )
• 1,2,3 топ мүгедектігі бар тұлғалар
• Көп балалы аналар (көп балалы отбасылар, аз қамтылған азаматтар санатынан (аналар) (АӘК алушылардың қатарынан)
• Мүгедек-бала асырап отырған отбасы (ата-анасының біреуіне)

Жазу онлайн режимінде жүзеге асырылады. Бұл жазу форматы халық арасында жұқпалы аурулардың алдын алу шараларын күшейтуге бағытталған.

Байланыс телефондары:

• Сарыарқа ауданы: 39-79-49, 8 (702) 159-54-33, 8 (702) 159-54-37
• Байконыр ауданы: 31-05-02, 8 (702) 159-54-31, 8 (702) 159-54-32

Қажетті құжаттар тізімі:

• ҚР жеке куәлігі
• Жасы бойынша зейнеткер куәлігі
• 1,2,3 топ мүгедектік куәлігі

Өзгелердің жаңалығы