Елордалықтар ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионын күтіп алды

20 Маусым 2022, 19:00
1827
Бөлісу:
Елордалықтар ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионын күтіп алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Елордадағы Халықаралық әуежайда ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында өткен әлем чемпионатының жеңімпазы Едіге Ембердіні күтіп алу шарасы өтті.

Спортшымызды жанкүйерлері, туыстары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері гүл шоқтарымен күтіп алды.

Елордалықтар ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионын күтіп алды

Естеріңізге сала кетейік 11-18 маусым аралығында Мексиканың Леон қаласында ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтті. 
39 елден 200 ден аса спортшы бақ сынаған байрақты бәсекеде Қазақстан ұлттық құрамасы командалық есепте бірінші орынды жеңіп алды.

Елордалықтар ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионын күтіп алды

Едіге Емберді - 3 Алтын
Ерасыл Саулебеков  - 3 Алтын
Денис Полубояринов - 3 Алтын
Никита Абдрахманов  - 3 Алтын

Ли Надежда - 2 күміс 
Александра Беленко - 1 күміс 

Ерасыл Омаров  - 3 қола 
Александра Беленко  - 2 қола
Дарья Балабаюк  - 1 қола

Сондай-ақ отандасымыз Едіге Емберді әлемдік рекорд орнатып, чемпионаттың “Үздік атлеті” атанды. Спортшыларымыз бен бапкерлер құрамын шын жүректен құттықтаймыз!
 

Өзгелердің жаңалығы