Елордалық волонтерлер жалғызбасты жандар мен қарттарға көмектесуде

3 Қаңтар 2024, 04:24
441
Бөлісу:
Елордалық волонтерлер жалғызбасты жандар мен қарттарға көмектесуде
Фото: Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты

Елордалық волонтерлер тұрғындарға үйдің маңындағы қарды күреуге көмектесуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Елорда әкімдігінің ресми сайты таратқан ақпаратқа сәйкес, ауа райының бұзылуына байланысты қайырымдылық көмек көрсетіліп жатыр.

Толассыз жауған қар жеке тұрғын секторы тұрғындарына, әсіресе қарттарға қолайсыздық туғызуда. Соған байланысты «Астана Жастары» және «Жастар рухы» волонтерлері елорданың екі ауданындағы 5 тұрғын үйдің ауласын қардан тазартуға көмектесті.

Мұндай көмек болғаны қандай тамаша. Жеке үйде тұрғандықтан қыста қар күреу қиындық туғызады. Маған бүгін көмір әкелуі тиіс еді, ал қақпаны қар басып қалған. Сондықтан бұл дер кезінде көрсетілген көмек болды. Қарды өзіміз күресек әрине, қиын болар еді, - деді Астана тұрғыны Галина Вербовская.

Атап өтерлігі, елордалық волонтерлер қыста қар күреумен қатар, әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасыларына азық-түлік себеттерін жеткізуге, қарттарға ағаш жаруға және коммуналдық қызмет мамандарына ыстық шай таратуға көмектеседі.

Өзгелердің жаңалығы