Алтай Көлгінов елордалық ұстаздарды марапаттады

24 Тамыз 2020, 18:56
1270
Бөлісу:
Алтай Көлгінов елордалық ұстаздарды марапаттады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Білім беруді сандық трансформациялау» тақырыбында өткен қалалық тамыз конференциясының пленарлық отырысында Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов білім саласына үлес қосып жүрген ұстаздарды төсбелгімен марапаттады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің игерлері:

1. Салтанат Жұмабаева Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Сервис және туризм колледжі» ШЖҚ МКК, әлеуметтік-экономикалық пәндер оқытушысы;

2. Галия Қаражігітова - Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінің КММ №1 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің дефектолог-мұғалімі;

3. Лариса Матвеева - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жоғары көлік және коммуникация колледжі» ШЖҚ МКК, директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары, арнайы пәндер оқытушысы;

4. Жансұлу Мұхамадиева - Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінің №83 мектеп-гимназиясының директордың бастауыш сыныптар бойынша оқу жұмысы жөніндегі орынбасары, бастауыш сынып мұғалімі;

5. Алимжан Мұхамеджанов - Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінің № 69 мектеп-гимназиясының еңбек мұғалімі; 

6. Кымбат Шукужанова - Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінің №60 «Арай» балабақшасының тәрбиешісі.

 «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісінің иегерлері:

1. Нұрлыбек Абатов - Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінің №49 орта мектебі директордың орынбасары;

2. Ольга Ан - Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінің №72 мектеп-лицейінің директордың орынбасары, физика пәні мұғалімі;

3. Шекер Байболова - Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінің МКҚК №70 «Құлыншақ» балабақшасының әдіскері;

4. Алла Король - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі» МКҚК, директордың оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары, арнайы пәндер оқытушысы;

5. Канымай Нұртаева -Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінің Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері;

6. Лязат Мұхаметқалиева – «Қаржы академиясы» АҚ колледжі, қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінің оқытушы.

Айта кетейік, биылдан бастап алғаш рет елордалық мұғалімдер «Нұр-Сұлтан қаласының құрметті педагогі» медалімен марапатталады. Сондай-ақ, медаль иегерлеріне 830 мың теңге көлемінде сыйақы төленеді.

Өзгелердің жаңалығы