Нұр-Сұлтандық полицейлер Арыс тұрғындарына көмек ретінде 12 млн теңге аударды

2 Шілде 2019, 21:26
1749
Бөлісу:
Нұр-Сұлтандық полицейлер Арыс тұрғындарына көмек ретінде 12 млн теңге аударды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық полиция қызметкерлері Түркістан облысы Арыс қаласының тұрғындарына көмек ретінде бір күндік жалақыларын аударды. Бұл туралы қалалық ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

«Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қорына Арыс қаласында орналасқан әскери оқ-дәрі қоймасындағы алапат жарылыстан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету мақсатында 12 миллионнан астам қаржы аударылды.

«Арыста болған жағдай елордалық полиция қызметкерлерін бейжай қалдырған жоқ. Қиын жағдайға тап болған Отандастарымызды қолдау - біздің азаматтық борышымыз», - деп атап өтті Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті.

 

 

 

Өзгелердің жаңалығы