Елордалық полицейлер әріптестерін еске алды

23 Маусым 2022, 14:14
1076
Бөлісу:
Елордалық полицейлер әріптестерін еске алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада Сарыарқа ауданы полиция басқармасының қызметкерлері қызмет бабында қаза тапқан әріптестерін еске алды, деп хабарлады Elorda.info.

Полиция қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай ұйымдастырылған еске алу жиынында Сарыарқа ауданының әкімі Жүсіп Жұмағұлов қатысып, қылмыскерді ұстау кезінде қаза тапқан криминалдық полиция аға лейтенанты Самат Болышұлы Шохановтың есімін ерекше атап өтті.

Полиция қызметкерлері күн сайын қызмет барысында түрлі қауіп-қатерге жолығады. Сіздердің ерліктеріңіздің арқасында көптеген азаматтардың өмірі құтқарылды. Елорда тұрғындарының қауіпсіздігін күнделікті қамтамасыз етіп жүргендеріңіз үшін шын жүректен алғыс айтамын, - деді аудан әкімі.

Жиынға қатысушылар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолында бақи болған полицейлерді бір минут үнсіздікпен еске алды. Қызметтік міндетін орындау кезінде қаза тапқан сақшыларды еске алу монументіне гүл шоқтарын қойды.

Елордалық полицейлер әріптестерін еске алды

Сондай-ақ Сарыарқа ауданы полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Дулат Жұмағұлов  пен қалалық мәслихат депутаты Ерлан Дакенов те сақшыларды кәсіби мерекемен құттықтады.

Айта кетейік, Сарырқа полиция басқармасында 600-ге жуық полиция қызметкері еңбек етеді.

Елордалық полицейлер әріптестерін еске алды
Өзгелердің жаңалығы