Елордалық медициналық орталық әлеуметтік осал топтағы балаларды тегін емдейді

30 Сәуір 2022, 00:15
2186
Бөлісу:
Елордалық медициналық орталық әлеуметтік осал топтағы балаларды тегін емдейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық үкіметтік емес ұйымдар халыққа жан-жақты көмек пен қолдау көрсету үшін белсенді түрде жұмылдырылған. Медициналық орталық әлеуметтік осал топтағы тамырлы патологиясы бар балаларды ақысыз негізде емдейтін Ағабек Қарабеков атындағы қоғамдық қор осындай жұмыстың үлгісі болып саналады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Әлеуметтік кәсіпкер және Ағабек Қарабеков атындағы ҚҚ құрылтайшысы Роза Қарабекова басқаратын медициналық орталық «Қазақ халқына» қорының серіктесі болды.

Медициналық орталықта біз тамырлы патологиясы бар балаларға кеңес беру және диагностикалық көмек, лазерлік емдеу қызметтерін көрсетеміз. Бізге еліміздің барлық өңірінен пациенттер жүгінеді. Өз жобамыздың аясында шетелдік мамандарды шақыру арқылы халықаралық шеберлік сыныптарын ұйымдастырамыз. Қазір біз «Қазақ халқына» Қорының серіктесі болып отырмыз және әлеуметтік осал топтардағы балаларға тегін консультациялық және диагностикалық көмек, сондай-ақ лазерлік емдеу қызметін көрсетуді жоспарлап отырмыз. Біздің Қор әлеуметтік кәсіпорын болып саналады, – дейді құрылтайшы Роза Қарабекова.

Қоғамдық қорда ерекше қажеттіліктері бар әйелдер, мүгедектігі бар балалар жұмыс істейді, орталық мамандары тегін негізде көмек көрсетеді.

Біз Семейден келдік. Бұл орталыққа қызымның алты айлық кезінде жүгіндім. Клиниканы әлеуметтік желі арқылы таптым. Біз 4 ай бойы емдеу мен дәрі-дәрмектердің арқасында баламда гемангиома азайды. Осы үшін қатты қуаныштымын. Орталық мамандарына алғысымды білдіремін. Көмек сұрап жүгінген ата-аналардың көңілі қалмайды деп санаймын, – деп өз ойын кішкентай пациентінің анасы Мақпал Әбілова жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы