Елордалық дәрігерлер ШҚО-да бір күнде 8 ота жасады

19 Сәуір 2023, 18:50
2310
Бөлісу:
Елордалық дәрігерлер ШҚО-да бір күнде 8 ота жасады
Фото: ПІМ МО

ҚР ПІБ МО ауруханасының дәрігерлері ШҚО жұмыс сапарының бірінші күнінде 8 операция жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Елордалық дәрігерлер ШҚО-да бір күнде 8 ота жасады

«Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының күндері» аясында ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының білікті дәрігерлері Шығыс Қазақстан облысында тәжірибе алмасу және медицинадағы үздік заманауи әдістерімен бөлісу мақсатында 18-21 сәуір аралығындағы жұмыс сапарының алғашқы күнін тәмамдады. 

Бағдарлама кестесіне сай бірінші күні жоғары санатты нейрохирург дәрігер Мыңжылқы Бердіқожаев 8 күрделі операция жасады. Оның ішінде 1-еуі бұрын облыстық ауруханада жасалып көрмеген стенозды стенттеу болса, қалған 7-еуі күрделі аневризма эмболизациясы бойынша жасалды. 

Елордалық дәрігерлер ШҚО-да бір күнде 8 ота жасады

Осыдан бір жыл бұрын миына қан кетіп, аневризмасы өскен науқасқа операция жасадық. Аневризманы микроспиральмен жаптық та, тамырына стенд қойдық. Облыстық ауруханада бұл операция бұрын соңды жасалмаған. Ал қалалық ауруханада бас тамырында аневризмасы бар, анатомиясы өте қиын науқасқа арнайы методика бойынша өңірлік әріптестеріме микрокатетерді өткізу, стенді ашуды жасап көрсеттім. Базилярлық артерия аневризмасына стенд пен спираль қойып тағы бір күрделі ота жасалды. Соңғы кезде наркозсыз операция жасауды тәжірибеме көптеп қолданып жүрмін. Соны да мұнда көрсеттім. Операциялар күрделі болғанымен, бәрі сәтті өтті. Науқастар палатаға ауыстырылды, қазір жағдайлары қалыпты, – дейді ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасы директорының хирургия бойынша орынбасары, нейрохирург дәрігер Мыңжылқы Бердіқожаев.

Елордалық дәрігерлер ШҚО-да бір күнде 8 ота жасады


Сондай-ақ ауруларды алдын алуда диагностикалау, емдеу және сауықтыру саласында тәжірибе алмасу, заманауи әдістерімен бөлісу мақсатында Мыңжылқы Бердіқожаев роботталған хирургияның даму кезеңдері бойынша өңірдегі дәрігерлерге дәріс оқыды және одан бөлек 21 науқасты қабылдап, дәрігерлік кеңес жүргізді. Ал Аурухананың оториноларинголог дәрігері Талапбек Аженов өңірдегі лор дәрігерлері үшін оқыту жүргізіп, 20 науқасқа жеке дәрігерлік қабылдау өткізді. Бағдарлама бойынша Талапбек Аженовтің облыстық ауруханада 5 күрделі операция жасау жоспары тұр. 

Елордалық дәрігерлер ШҚО-да бір күнде 8 ота жасады


Орталық ауруханасының білікті дәргерлері ревматолог Н.Садырбаева, пульмонолог М.Есенгельдина, аритмолог Р.Камиев, акушер-гинеколог А. Адрешев 21 сәуірге дейін өңірдің емдеу мекемелерінде шеберлік сабақтар өткізіп, халыққа практикалық және консультациялық-әдістемелік көмек көрсетіп, күрделі операциялар жасауды жалғастырады. 

Елордалық дәрігерлер ШҚО-да бір күнде 8 ота жасады


ҚР ПІБ Медициналық орталығын дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында «Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының күндері» аясындағы іс-шаралар еліміздің барлық өңірінде өткізіледі.

Елордалық дәрігерлер ШҚО-да бір күнде 8 ота жасады

 Бұған дейін Ақтөбе, Ақмола облыстары мен Шымкент қаласында сәтті ұйымдастырылғанын атап өтуге болады.

Өзгелердің жаңалығы