Елордалық дәрігер Қостанайда 7 адамның жүрегіне ота жасады

28 Тамыз 2023, 18:22
1067
Бөлісу:
Елордалық дәрігер Қостанайда 7 адамның жүрегіне ота жасады
Фото: Президент Іс басқармасы медициналық орталығының баспасөз қызметі

«Президент Іс басқармасы медициналық орталығының күндері» жобасы аясында Қостанай облысына барған делегация тұрғындарға бірнеше ота жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Аурухананың Аритмология бөлімшесінің меңгерушісі, бас аритмолог, профессор Аян Әбдірахманов 7 адамның жүрегіне жаңа тыныс сыйлады. Жүрек қантамырларына біткен ахауларды қалпына келтіріп, өкінішті салдардың алдын алуға болатынын күрделі операцияларды сәтті жасап шығуымен көрсетті. Бұл облыстағы дәрігерлер үшін де құнды тәжірибе болды.

Елордалық дәрігер Қостанайда 7 адамның жүрегіне ота жасады

Қостанай облысында жүрек қантамырларына 7 операция жасадық. Соның ішінде Рудный қаласында алғаш рет 4 науқасқа Гис түйінінің сол аяқшасына екікамералы кардиостимулятор импланты қойылды. Қалған үш операция Қостанайдағы Кардиологиялық орталықта жасалды. Бірінші, жүрек жетіспеушілігін емдеу және кенеттен өліп кетудің алдын алуда үшкамералы кардиовертера-дефибриллятор аппаратын қойдық. Екінші науқасқа кеңейтілген кардиомиопатия диагнозы бойынша өмірге қауіп төндіретін аритмияны жою және жүректің тоқтап қалуын болдырмау үшін кардиовертер-дефибриллятор орнатылды. Үшінші операцияда науқасқа атриальды фибрилляция бойынша жүрек ырғағының коррекциясы жасалды. Өңірдегі әріптестер де операцияға қатысып, жүрек қантамырына қолданылатын операция тәсілдерін үйренді. Отадан кейін науқастардың жағдайы жақсы, дәрігер бақылауында болады, – дейді Аян Әбдірахманов.

Елордалық дәрігер Қостанайда 7 адамның жүрегіне ота жасады

Бас аритмологтың айтуынша, Рудный қаласында алғаш рет жасалған бұл операцияларды әрі қарай күн тәртібіне енгізуге болады, дегенмен тағы да бірнеше шеберлік сабағын өткізу өңір дәрігерлеріне пайдалы болады деп отыр.

Өзгелердің жаңалығы