Елордалық дәрігер қолы бірнеше жерден бөлініп қалған науқасты аман алып қалды

19 Қазан 2023, 16:01
1497
Бөлісу:
Елордалық дәрігер қолы бірнеше жерден бөлініп қалған науқасты аман алып қалды
Фото: ҚР ПІБ МО ауруханасының баспасөз қызметі

ҚР ПІБ МО ауруханасында қолы шытынап, ұсақталып сынған науқасқа күрделі және бірегей операция жасалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Науқас көшеде құлап, оң қолының кәрі жілігінің басы ұсақталып сынған.

Елордалық дәрігер қолы бірнеше жерден бөлініп қалған науқасты аман алып қалды

Кәрі жілік басы шынтақ буынының жанында орналасқан. Оның негізгі қызметі – білекке айналмалы қозғалыстарды қамтамасыз ету (алақанды жоғары-төмен қозғау). Кәрі жілік басының сынуы негізінен шынтаққа құлаған кезде немесе алақанға созылған, сәл бүгілген қолға құлаған кезде пайда болады. Оның сынуы буынішілік сынықтарға жатады. Мамандар сондықтан диафиздің сынуымен (сүйектің ортаңғы үштен бір бөлігі) салыстырғанда көбірек назар аударуды қажет етеді деп отыр.

Басқа ауруханада науқасқа кәрі жіліктің басын алып тастау ұсынылған. Бұл науқастың қолының толық жұмыс істемеуіне әкелуі мүмкін. Науқас бұл операциядан бас тартып, жарақатын емдеудің басқа балама әдістерін іздей бастаған.

ҚР ПІБ МО ауруханасының травматолог дәрігері Әнуарбек Құлшаров науқасқа қолдың толық жұмыс қабілеттілігін қайтаруға мүмкіндік беретін кәрі жіліктің басын эндопротездеу операциясын ұсынды.

Елордалық дәрігер қолы бірнеше жерден бөлініп қалған науқасты аман алып қалды

Кәрі жілік басының ұсталған сынықтарын хирургиялық емдеудің екі әдісі бар – кәрі жілік басының сынықтарын бекіту (остеосинтез) немесе кәрі жілік басының эндопротезі. Кәрі жілік басының эндопротезі ұсақталып сынғанда, ескірген сынықта (жарақаттан кейін 3 аптадан артық уақыт), ерімеген сынықта және кәрі жілік басы пішінінің өзгеруінде көрсетілген. Бұл күрделі, бірақ өте тиімді операция. Өйткені ол науқастың қолының қозғалғыштығын ішінара немесе толығымен шектей алатын кәрі жілік басын немесе остеосинтезді алып тастау операциясынан айырмашылығы науқасты толыққанды өмірге қайтарады, – деп түсіндірді травматолог дәрігер Әнуарбек Құлшаров.

Елордалық дәрігер қолы бірнеше жерден бөлініп қалған науқасты аман алып қалды

Кез келген хирургиялық ота секілді бұл операция жарақаттан соң толық әрі сәтті қалпына келтіру үшін науқастың дәрігер ұсыныстарын қатаң сақтауды талап етеді.

Елордалық дәрігер қолы бірнеше жерден бөлініп қалған науқасты аман алып қалды

Барлық науқасқа бұл патологияны кеш немесе дұрыс емес емдеу күнделікті өмір сапасына теріс әсер ететін немесе белгілі бір асқынуларға әкелуі мүмкін екенін еске салу маңызды.

Өзгелердің жаңалығы