Елордалық бишілер халықаралық турнирде төрт медаль иеленді

7 Тамыз 2023, 17:42
648
Бөлісу:
Елордалық бишілер халықаралық турнирде төрт медаль иеленді
PHOTO
Фото: Елорда әкімдігі

Астаналық парабишілер халықаралық лицензиялық турнирде 1 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль иеленді,деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Токио қаласында арбамен билеуден халықаралық лицензиялық жарысқа 18 елдің спортшылары қатысты. Ел намысын Ардақ Отарбаев, Севда Әлиева, Айдана Бегленова қорғады.

Елордалық бишілер халықаралық турнирде төрт медаль иеленді

 Жарыс нәтижесі бойынша Ардақ Отарбаев пен Севда Әлиева – DUO FREESTYLE CLASS 1 би санаты бойынша 1-орын, DUO STANDART CLASS 1 санатынан 2-орын алды.

Елордалық бишілер халықаралық турнирде төрт медаль иеленді

Ардақ Отарбаев пен Айдана Бегленова COMBI LATIN CLASS 1 би санатынан қола жүлдені иеленді.

Елордалық бишілер халықаралық турнирде төрт медаль иеленді

Ардақ Отарбаев – MAN FREESTYLE CLASS 1 санатынан 3-орынды иеленді.

Елордалық бишілер халықаралық турнирде төрт медаль иеленді

Айта кетейік, аталмыш жарыс арбамен билеуден әлем чемпионаты алдындағы лицензиялық жарыс болып есептеледі.

Өзгелердің жаңалығы