Елордалық кітапханаларға қанша ақша бөлінеді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының тұрақты комиссиясының отырысы барысында қалалық Мәдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушы Санат Шапашов хабарлады. Оның айтуынша, елорда халқы үшін бүгінгі таңда 18 кітапхана жұмыс істеп тұр.

 26 Қазан 2021, 17:08
26 Қазан 2021, 17:08
38468

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты тұрақты комиссиясының отырысы барысында қалалық Мәдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушы Санат Шапашов хабарлады. Оның айтуынша, елорда халқы үшін бүгінгі таңда 18 кітапхана жұмыс істеп тұр.

Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет басқармасының Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде 18 кітапхана халыққа қызмет көрсетіп отыр. Мекемелердің штаттық кестесі 126 адамды құрайды. Мекемелердің 2021 жылға арналған бюджеті 258 млн теңгеге тең, - деді Санат Шапашов.

Сондай-ақ 1 қазандағы жағдай бойынша елордалық кітапханалардың кітап қоры 736 118 дана кітапқа жетсе, оқырмандар саны – 70 857. Кітап беру көрсеткіші 1 072 726-ны көрсеткен.

Айта кететін жайт, №15 және Орталық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының базасында қала жастарына арнап коворкинг-орталықтар ашылды, - деп атап өтті басқарма басшысының міндетін атқарушы.
Наверх