Елордалық шеберлер қазақтың дәстүрлі қолөнерін дамытуда

6 Қараша 2020, 19:45
2898
Бөлісу:
Елордалық шеберлер қазақтың дәстүрлі қолөнерін дамытуда
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Екі жылдан бері Нұр-Сұлтанда дәстүрлі қолөнер шеберлерін біріктірген ұйым - «Астана-Береке» ҮЕҰ жұмыс істейді.

Елордалық шеберлер қазақтың дәстүрлі қолөнерін дамытуда

 

Біз 2018 жылдың соңында Астана-Берекені ашып, қолөнершілерді жинап, жұмыс істей бастадық. Қазіргі уақытта бүкіл ел бойынша 150 қолөнершіміз бар. Бізге орталық алаңға 20 павильон бөліп, әкімдік көмектесті. Сонымен қатар біздің мамандар жұмыс істейтін екі шеберхана ұсынылды. Олармен біз аула клубтарын ашып, балаларға сабақ береміз. Біздің мақсат - ата-бабаларымыздан қалған қолөнер дәстүрлерін жалғастыру, - деді қоғамдық бірлестік жетекшісі Рауза Балмағамбетова.

 

Елордалық шеберлер қазақтың дәстүрлі қолөнерін дамытуда

Ұйым астаналық мектептерде бес жүзге жуық оқушыға қолөнер сабақтарын тегін өткізеді. Сондай-ақ көп балалы аналар, ерекше қажеттіліктері бар балалар, аз қамтылған отбасылардан шыққан адамдарға қолөнерді ақысыз негізде үйретеді. Олар матамен және ағашпен, зергерлік бұйымдармен жұмыс жасауды үйренеді.

Елордалық шеберлер қазақтың дәстүрлі қолөнерін дамытуда

 

Халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан адамдар біздің шеберханаларға келіп, зергерлік бұйымдар, тоқыма тоқу, ағаштан бұйымдар жасауды үйренеді. Біз оларға мүмкіндігінше үйретеміз және көмектесеміз. Мен балалармен, басқа адамдармен жұмыс істегенді, өз біліміммен және тәжірибеммен бөліскенді ұнатамын, - дейді зергер Сержан Бәшіров.

 

Елордалық шеберлер қазақтың дәстүрлі қолөнерін дамытуда

2018–2019 жылдары «Шебер - Шәкірт» бағдарламасы бойынша 10мүмкіндігі шектеулі адам оқытылып, жұмысқа орналастырылды.

Елордалық шеберлер қазақтың дәстүрлі қолөнерін дамытуда

Жаңа шеберлікті игеруге «Путь мастерства» қоғамдық қоры да көмектеседі. Қорға жүгінетін адамдар тоқу өнерін үйренеді.

Елордалық шеберлер қазақтың дәстүрлі қолөнерін дамытуда

 

Біз түлектерімізге табыс әкелетін жұмыс табуға көмектесетін тоқу дағдыларын үйретеміз. Олар үшін тоқу тек табыс көзі ғана емес, сонымен қатар стресстен арылудың тәсілі болады. Біз сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандар,, халықтың әлеуметтік осал топтарынан, ерекше қажеттіліктері бар балалардың аналарымен жұмыс жасаймыз, - деді қоғамдық қор жетекшісі Рахима Мұқышева.

 

Елордалық шеберлер қазақтың дәстүрлі қолөнерін дамытуда

ҮЕҰ 2019 жылдың желтоқсанында ашылды және осы уақыт ішінде 100 адамды тоқуға үйреткен.

Елордалық шеберлер қазақтың дәстүрлі қолөнерін дамытуда

Айта кету керек, бүгінде Нұр-Сұлтанда 2996 үкіметтік емес ұйым тіркелген.
 

Өзгелердің жаңалығы