Елордалық емханалардағы фильтр-кабинеттер қалай жұмыс істейді?

15 Қазан 2020, 18:05
6222
Бөлісу:
Елордалық емханалардағы фильтр-кабинеттер қалай жұмыс істейді?
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елорданың Сарыарқа ауданына қарасты үлкен емханалардың бірі – №10 емхана 86 мың тұрғынға қызмет көрсетеді. 

Елордалық емханалардағы фильтр-кабинеттер қалай жұмыс істейді?

Науқастар ағынының араласпауын қамтамасыз ету үшін әрбір амбулаториялық емханада фильтр-кабинеттер жасақталған.

Елордалық емханалардағы фильтр-кабинеттер қалай жұмыс істейді?

Елордалық емханалардағы фильтр-кабинеттер қалай жұмыс істейді?


Елордалық емханалардағы фильтр-кабинеттер қалай жұмыс істейді?

Күзде вирустық инфекциялардың маусымдық өршуі байқалады. Коронавирус - зерттелмеген індет. Ол маусымдық бола ма, болмай ма, ешкім айта алмайды. Соңғы екі апта ішінде 1,5-2 есеге жуық анықталған ПТР саны өсті. Оған бірнеше себеп болуы мүмкін. Қазір ПТР тестілердің санын айтарлықтай көбейттік. Оған қоса, күзде адамдар далада емес, ғимаратта отыруға мәжбүр. Бұл да аурудың өршуіне себеп болуы мүмкін, - деді Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов.
Елордалық емханалардағы фильтр-кабинеттер қалай жұмыс істейді?

Елордалық емханалардағы фильтр-кабинеттер қалай жұмыс істейді?

Елордалық емханалардағы фильтр-кабинеттер қалай жұмыс істейді?

Елордалық емханалардағы фильтр-кабинеттер қалай жұмыс істейді?

Тимур Мұратов елорданың медициналық ұйымдары болжамды толқынға дайын екенін, алайда жағдай науқастардың санына байланысты болатынын айтты.

Елордалық емханалардағы фильтр-кабинеттер қалай жұмыс істейді?

Егер біз санитарлық талаптарды ұстанбай, әлеуметтік арақашықтықты сақтамай, маска тақпасақ, науқастардың саны көп болуы мүмкін. Денсаулық сақтау жүйесінің де мүмкіндігі шектеулі екенін ескеру керек. Төсек орын бойынша қалалық денсаулық сақтау жүйесі 5600 орын ұсына алады. 404 ӨЖА-мен қамтамасыз ете алады. Алайда бұдан басқа адами ресурс қажет екенін түсіну керек, яғни медицина қызметкерлері мен дәрігерлер. Науқас шамадан тыс көп болса, жағдай қиын болады. Әрине, ондай жағдайға жеткізбеуге тырысу керек. Науқастар санын көбейтпеу, әрбір азаматтың жауапкершілігіне байланысты болып отыр, - деді ол.

Елордалық емханалардағы фильтр-кабинеттер қалай жұмыс істейді?

Басқарма басшысы атап өткендей, тұрғындар барлық қажетті талапты сақтаған жағдайда екінші толқын өте жеңіл өтуі мүмкін.

Басқарылатын жағдай туып, науқастар сауығып шығады. Осыған орай, барлық медициналық ұйымда фильтр кабинет бар. Мысалы бұл емхананың сәулет жоспарына сәйкес, тағы 2 фильтр кабинетін ашуға болады, - деді ол.
Елордалық емханалардағы фильтр-кабинеттер қалай жұмыс істейді?

Өз кезегінде №10 емхананың директоры Гүлнар Алпысбекова фильтр-кабинеттері деңгейінде қандай қызмет көрсетілетінін айтып берді.

Елордалық емханалардағы фильтр-кабинеттер қалай жұмыс істейді?

Елордалық емханалардағы фильтр-кабинеттер қалай жұмыс істейді?

Фильтрге науқастар іріктеліп алынады. Біздің емханада екі кіру тобы бар. Ол ересектер мен балаларға арналған. Әрбір кіру жолы тепловизормен қамтамасыз етілген. Кіру кезінде науқастардың қызу деңгейі тексеріледі. Егер біздің аппараттар науқастың дене қызуы жоғары екенін анықтаса, фильтрге бағыттайды, - дейді ол.

Ол атағандай, фильтр-кабинеттің өзінде науқастар 3 бағыт бойынша іріктеледі.

Елордалық емханалардағы фильтр-кабинеттер қалай жұмыс істейді?

Фильтрде ересектер мен балаларға, екіқабат әйелдерге арналған кабинеттер бар. Тағы бір кабинет ПТР зерттеуге арналған материал жинауға арналған. Аталған фильтрде тағы екі кабинеттің қоры бар. Қажет болған жағдайда олар іске қосылады. Сондай-ақ емхананың тағы екі қосымша фильтр жасақтауға қауқары бар. Олар да қызмет етіп тұрған жоқ. Себебі қаладағы жағдай тұрақты. Бірінші толқын кезінде біздің емханада 3 фильтр жұмыс істеді. Кез келген амбулаториялық емханада мобильді бригадалар бар. Олар науқастарды бақылауда ұстайды, - деді ол.
Елордалық емханалардағы фильтр-кабинеттер қалай жұмыс істейді?

Елордалық емханалардағы фильтр-кабинеттер қалай жұмыс істейді?

Елордалық емханалардағы фильтр-кабинеттер қалай жұмыс істейді?

Оның айтуынша, бір мобильді бригада 5 мың халыққа қызмет көрсетеді.

Елордалық емханалардағы фильтр-кабинеттер қалай жұмыс істейді?

Қала халқы үшін осындай 17 мобильді бригада бар. Одан бөлек, ауа концентраторлары бар. Бұл науқастың сатурациясы төмен болған жағдайда қолданылатын аппарат. Емхана деңгейінде дәрі-дәрмекпен де қамтылдық. Егер науқас ауырып, бірақ ауруханаға жатпаса, біз оларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етеміз, - деді ол.
Елордалық емханалардағы фильтр-кабинеттер қалай жұмыс істейді?

Емхана директоры фильтр күніне орташа есеппен 40-қа жуық адамды қарайтынын айтты

Оның 20-сы ересектер болса, қалғаны балалар болады. Бұл вирустық инфекциялардың маусымын ескергенде, қалыпты жағдай, - деді ол.

Елордалық емханалардағы фильтр-кабинеттер қалай жұмыс істейді?

Елордалық емханалардағы фильтр-кабинеттер қалай жұмыс істейді?

Өзгелердің жаңалығы