Елордалықтарға тегін маска таратылды

26 Қыркүйек 2020, 20:40
1346
Бөлісу:
Елордалықтарға тегін маска таратылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық полицейлер еріктілермен және жауапты мемлекеттік органдармен бірлесіп, тұрғындар арасында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. 

Демалыс күндері көптеген қала тұрғындары жаппай жиналатын орындарға, саябақтарға, базарларға барған кезде тәртіп сақшылары сақтық шараларын еске салып, азаматтарды қоғамдық орындарда жауапты болуға, санитарлық нормаларды міндетті түрде сақтауға шақырады. Өздеріңіз білетіндей, карантин жеңілдегенімен, жұқтыру қауіпі әлі де бар. 

Адамдарға маска тағу, қашықтықты сақтау және санитайзерлерді қолдану қажет екенін жалықпай айтуда.

Сондай-ақ, тәртіп сақшылары ойын-сауық мекемелеріне кіріп, кәсіп иелеріне қолданыстағы карантиндік шаралар туралы ескертеді.

Заң бұзушылар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады, - деп атап өтті полиция департаменті өкілдері.
Өзгелердің жаңалығы