Елордаға Абай облыстық жастар театры келеді

14 Қараша 2023, 15:37
660
Бөлісу:
Елордаға Абай облыстық жастар театры келеді
Фото: Нұрасыл ЕРЖАНОВ - архив

Елордаға 20 қараша күні Абай облыстық «Дариға-ай» жастар театры гастрольдік сапармен келеді, деп хабарлайды  BAQ.KZ Elorda.info-ға сілтеме жасап.

Жастар театры елорадалық көрермендерге Дэниел Киздің "Элджернонға арналған гүлдер" әңгімесіне негізделген «Чарли» моноспектакілін ұсынбақ.

Спектакль Астана қаласы әкіімдігі Музыкалық жас көреремендер театрының сахнасында өтеді.

Қойылымдағы басты кейіпкері-өз әлемінде өмір сүретін адам. Ал айналасындағылар оған мысқылмен қарайды. Өйткені ол басқа адамдармен салыстырғанда өте ақымақ көрінеді.

Адамдар күлгенде, Чарли бұл ақылды адамның белгісі деп ойлайды. Күлу оған бақытты адамның белгісі сияқты көрінеді. Сондықтан Чарли миына операция жасауды шешеді, тек күлімсіреп жүруді көздейді, басқалар сияқты ақылды болғысы келеді. Алайда, операциядан кейін Чарли "өмір шындығына"тап болады, - дейді сахналық қойылымның авторы және режиссері – Гаухар Адай.

Чарли ота жасатқаннан кейін жүйені де, адамды да зерттейді және басқалардың оған неге күлгенін түсінеді.

Спектальде Чарли Гордон рөлінде- Еркебұлан Нұғманов ойнайды. Қоюшы суретшісі - Гүлдана Алина, дыбыс режиссёрі - Қанат Тоғысов.

Өзгелердің жаңалығы