Елордадан Шанхай мен Үрімжіге жаңа әуе рейстері ашылады

16 Шілде 2019, 18:57
1589
Бөлісу:
Елордадан Шанхай мен Үрімжіге жаңа әуе рейстері ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада өткен Routes Silk Road форумының жұмысы аясында осындай келісімге қолжеткізілді. Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті Facebook-тегі ресми парақшасында жазды.

Сонымен, елорда әкімдігі мен Азаматтық авиация комитеті Қытайдың ірі әуе компанияларының бірі China Eastern Airlines, сондай-ақ қытайлық бюджеттік компания Urumqi Airlines-пен өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойды. Оның аясында Нұр-Сұлтан қаласынан Шанхай мен Үрімжіге жаңа әуе рейстерін ашу жоспарланып отыр.

67257730_2361896333887773_8184168166595756032_n.jpg

Жалпы, «Нұр-Сұлтан-Шанхай» рейсі 2020 жылдың бірінші тоқсанында ашылады деп күтілуде. Бұл бағыттағы әуе сапарларды қазақстандық әуе компаниялар да орындайды.

Айта кетейік, China Eastern Airlines штаб-пәтері Шанхайда орналасқан. Бүгінде әуе компаниясы әлемнің 177 елінде 1 052 бағдар бойынша жолаушылар тасымалын орындап келеді.

Өзгелердің жаңалығы