Елордадан бір түнде 25 мың текше метр қар шығарылды

6 Наурыз 2024, 13:27
258
Бөлісу:
Елордадан бір түнде 25 мың текше метр қар шығарылды
PHOTO
Фото: Елорда әкімдігі

Астанада қар тазалау жұмыстарына таңертең 2,6 мыңнан астам жол жұмысшысы жұмылдырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

6 наурыз күні таңертең қала бойынша қар тазалауға 2,6 мыңнан астам жол жұмысшысы мен 1,2 мың бірлік арнайы техника жұмылдырылды.

Елордадан бір түнде 25 мың текше метр қар шығарылды

5 наурыздан 6 наурызға қараған түні қаладан 1,7 мың ауыр жүк рейс, яғни 25 мың текше метр қар шығарылды.

Елордадан бір түнде 25 мың текше метр қар шығарылды

Қыс басынан бері полигондарға шығарылған қар көлемі барлығы 433 мың рейс 5,8 млн текше метрден асады.

Өзгелердің жаңалығы