Елордадан алғаш рет «Астана-Достық» бағыты бойынша «Тальго» жүреді

26 Сәуір 2023, 18:01
1440
Бөлісу:
Елордадан алғаш рет «Астана-Достық» бағыты бойынша «Тальго» жүреді
Фото: rail-news.kz

 Ұлттық тасымалдаушының жазғы темір жол жолаушылар тасымалын ұйымдастыру және интермодальды тасымалдау жобасын іске асыру бойынша брифингі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өз сөзінде «Жолаушылар тасымалы» АҚ Бас директоры Жәнібек Тайжанов 2023 жылдың демалыс кезеңінде шамамен 4,5 млн жолаушы тасымалдау жоспарланғанын атап өтті.

Туристік маусым кезінде жолаушылар үшін Алакөл жағалауына Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарынан 11 маршрут қатынайтын болады. Елордадан алғаш рет «Астана-Достық» бағыты бойынша «Тальго» жайлы пойызы жөнелтіледі. Құрам аптасына екі рет жүреді. Жазғы кезеңде Алакөлге өткен жылмен салыстырғанда 30 мың жолаушыны көбірек тасымалдау жоспарлануда, - делінген Ұлттық тасымалдаушы хабарламасында.

Спикердің айтуынша, соңғы екі жылда осы бағытта және кері қарай жолаушылар ағыны екі есе (124 мыңнан 240 мыңға дейін) өсті.

Көліктік қолжетімділікті жақсарту үшін «Жолаушылар тасымалы» АҚ ҚР ИИДМ, әкімдіктермен, туроператорлармен, әуе және автотасымалдаушылармен бірлесіп ел ішінде интермодальды тасымалдауды (көліктің екі және одан да көп түрін/тасымалдаушыларды пайдалану) ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізеді. Бұл тұрғындардың көлік қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ішкі тасымалдау жаңа моделінің негізі болады.

Интермодальды тасымалдаудың келесі қызметтерін ұсыну жоспарлануда:

- «ПОЙЫЗ+ПОЙЫЗ» қызметі бір пойыздан екіншісіне ауыса отырып, межелі пунктке дейін жол жүруді көздейді;

- «ПОЙЫЗ + АВТОБУС» қызметі жолаушыларға вокзалдан үйге дейін трансфер ұсынады;

- «ПОЙЫЗ+ҰШАҚ» қызметі жолаушыларды вокзалдан әуежайға тасымалдау.

Жолаушылармен кері байланысты жақсарту үшін «Жолаушылар тасымалы» АҚ пилоттық режимде «KTZH_PP_BOT» телеграмм ботын іске қосты. Осы байланыс арнасы арқылы билетті сатып алу және қайтару туралы қажетті ақпаратты, пойыз кестесін және басқа да анықтамалық мәліметтерді алуға болады.

Сондай-ақ жолаушылар 14-33 анықтамалық қызметінде және «Жолаушылар тасымалы» АҚ әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттары арқылы тегін кеңес ала алады.

Өзгелердің жаңалығы