Елордадағы көше учаскесі жабылды

20 Қыркүйек 2022, 20:56
862
Бөлісу:
Елордадағы көше учаскесі жабылды

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен Чехов көшесінде орташа жөндеу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты жазды.

Осы жылдың 19-21 қыркүйек аралығында жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты Чехов көшесінің 191 көшеден Жолымбет көшесіне дейінгі учаскесіндегі автокөлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз, - делінген көлік басқармасының хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы