Елордалық полицейлер көпқабатты үйдегі адам өлімін тергеп жатыр

6 Тамыз 2019, 12:52
1584
Бөлісу:
Елордалық полицейлер көпқабатты үйдегі адам өлімін тергеп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 31 жастағы ер адам отбасылық жанжалдан кейін көпқабатты үйдің 6-қабатынан секіріп кетіп, мерт болды. Бұл туралы BNews.kz хабарлады.

Көпқабатты үйден ер адамның құлау фактісіне қатысты елордалық Полиция департаменті түсініктеме берді.

"Е-30 көшесіндегі көпқабатты үйдің ауласынан мәйіттің табылуына байланысты тергеу амалдары жүргізілуде. Қажетті сараптау жұмыстары жүргізілетін болды. Тергеу барысында отбасындағы жанжалдан кейін 31 жастағы ер адам 6-қабаттан секіріп кеткені анықталды", - делінген хабарламада.

Қайғылы оқиға тамыздың 5-нен 6-на қараған түні «Аққу» тұрғын үй кешенінде болған.

Айта кетейік, кеше елордада Highvill тұрғын үйінің 33-қабатынан ер адам секіріп кетіп, қаза болған болатын.

 

Өзгелердің жаңалығы