Елордадағы Қаламгерлер аллеясында ақын-жазушылар ағаш отырғызды

1 Мамыр 2021, 21:12
1324
Бөлісу:
Елордадағы Қаламгерлер аллеясында ақын-жазушылар ағаш отырғызды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін экологиялық айлық аясында бір топ ақын-жазушы елордадағы Қаламгерлер аллеясына барып, көшет отырғызды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Зиялы қауым өкілдері қашанда қоғамдағы маңызды бастамаларға белсене атсалысып, тек қоғамдық-саяси, мәдениет салаларында ғана емес, Нұр-Сұлтан қаласының экологиялық ахуалын жақсарту жолында да қызмет етіп келеді. Бүгінгі шарада әр қаламгер өз есімі жазылған тақтайша жанына көшет екті.

Шараға арнайы келген Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен экологиялық айлыққа қатысып, қаладағы жасыл желек санын көбейтуге үлес қосқан қаламгерлерге ризашылығын білдіріп, елорданың рухани өмірінде болып жатқан соңғы оң өзгерістерді тілге тиек етті.

Бұл үрдіс алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады.

Еске сала кетейік, елордада «Бірге Таза Қазақстан» экологиялық айлығы өтіп жатыр, оның аясында қала аумағында 16 мың жасыл желек отырғызу жоспарланып отыр.

Өзгелердің жаңалығы