Елордадағы Діндер съезін өткізуге 500 волонтер көмектеседі – Әшімбаев

19 Тамыз 2022, 11:29
2118
Бөлісу:
Елордадағы Діндер съезін өткізуге 500 волонтер көмектеседі – Әшімбаев

Бұл туралы Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Орталық Азия волонтерлері  форумының пленарлық сессиясында айтты, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.

Қазір Парламент Сенаты айналысып жатқан тағы бір мәселе- Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін өткізу. Ол елордамызда 14-15 қыркүйек аралығында өтеді. Оған 51 елден 100 делегат қатысады деп күтіліп отыр. Іс-шараға Рим папасы Франциск, Ислам университетінің бас иамамы, Израильдің раввинаты және өзге діни өкілдер қатысады, - деді Әшімбаев.  

Ол атағандай, бірқатар халықаралық ұйымның жетекшілері қатысады.

Бұл съезд тарихи сәт болатыны анық. Оның басты мақсаты - бейбітшілік пен келісімді ілгерілендіру, ұлтаралық және конфессияаралық тұтастықты сақтау, қазіргі заманғы тәуекелдерге жауап беру. Жетінші съездің тақырыбы пандемиядан кейінгі діни лидерлердің  адамзат өміріндегі әлеуметтік және рухани құндылықтарын дамытудағы рөліне арналады, - деді ол.

Әшімбаев осындай ауқымды шараны өткізуге волонтерлар тартылатынын айтты.

500-ден астам волонтер халықаралық шараны өткізуге көмектеседі. Ол құрамда  осы жерде отырғандар да бар шығар. Осы сәтті пайдаланып волонтерлер тобына қосылып, тарихи шараға қатысуға шақырамын, - деді Мәулен Әшімбаев.

Өзгелердің жаңалығы