Елордадағы ботаникалық саябақтың жері сатыла ма? - Экология министрлігі жауап берді

8 Ақпан 2022, 11:43
1300
Бөлісу:
Елордадағы ботаникалық саябақтың жері сатыла ма? - Экология министрлігі жауап берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова хабарлады. Оның айтуынша, сатылымға қойылған жер телімі астаналық ботаникалық саябақтың аумағынан тыс орналасқан. 

Ведомство басшысының орынбасары аталған саябақтың маңына БАҚ өкілдерін шақырып, жер мәселесіне қатысты түсініктеме берді. 

2019 жылы құрамына іргелес жатқан парк аймағы кіретін Астананың ботаникалық саябағын құру туралы қаулы шықты. Қызыл және көк түстермен боялған телімдер шын мәнінде ботаникалық саябаққа тиесілі және ерекше қорғалатын табиғи аумақ болып табылады. Ал қалған периметр бойынша орналасқан аймақ Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қарамағында және аталған аумаққа әкімдік қызмет көрсетеді. Экология министрлігі жаңа айтып өткен көк және қызыл түспен белгіленген аумаққа ғана жауап береді. Бұл аумақтағы жер сатылмайды, құрылыс салу мүмкін емес, - деп атап өтті вице-министр. 

Еске сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде елорданың ботаникалық саябағы аумағындағы 14,321 гектар шамасындағы жер телімі көпқабатты тұрғын үй салу үшін сатылатыны туралы мәлімет тараған болатын. Ол ақпарат қоғамның наразылығын тудырды. 

Өзгелердің жаңалығы