Елордадағы бірқатар медициналық мекемеге жаңа жабдықтар жеткізілді

1 Қараша 2020, 02:26
1173
Бөлісу:
Елордадағы бірқатар медициналық мекемеге жаңа жабдықтар жеткізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтандағы №12 емхана мен отбасылық денсаулық орталығына коронавирус инфекциясына диагностика жасауға мүмкіндік беретін жоғары сапалы сандық рентген аппараттары жеткізілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жабдық жергілікті бюджет қаражаты есебінен сатып алынды.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен бірқатар медициналық мекемелерге барып, күзгі маусымдық ауруларды ЖРВИ және тұмаудың өсуін ескеріп, ұйымдардың COVID-19-дың екінші толқынына дайындығын тексерді.

Сапар барысында әкімнің орынбасары рентген аппараттары орнатылған сүзгі және рентген кабинеттерінің жұмысымен танысты.

Айта кетейік, елордада COVID-19 ауруының өсуі тіркелді. Жауапты тұлғалар қала тұрғындарын санитарлық нормаларды қатаң сақтауға, маска тағуға және қашықтықты сақтауға шақырады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін медициналық мекемелерге мыңнан астам оттегі концентраторы, 500 көпфункционалды арнайы төсек-орын, мыңнан астам флоуметр, 1600-ге жуық оттегі нүктелері орнатылды.



Өзгелердің жаңалығы