Елордадағы 70 мектеп-лицейге Темірбек Жүргеновтің есімі берілді

4 Қаңтар 2024, 18:02
535
Бөлісу:
Елордадағы 70 мектеп-лицейге Темірбек Жүргеновтің есімі берілді
Фото: - Архив

Астанада №70 мектеп-лицейіне Қазақстанның білімі мен өнерінің дамуына зор үлес қосқан көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, публицист Темірбек Жүргеновтің есімі берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ қалалық білім басқармасына сілтеме жасап.

Соған байланысты білім ордасында «Ұлтым деп соққан жүрегі» атты салтанатты шара өтті. Оған елімізге белгілі қоғам қайраткерлері, мәжіліс депутаттары, Астана қаласы Білім басқармасының қызметкерлері, мектеп директорлары қатысты.

Елордадағы 70 мектеп-лицейге Темірбек Жүргеновтің есімі берілді
Қалалық білім басқармасы

Салтанатты шара кемеңгер тұлғаға арналған ескерткіш баральефтің ашылуымен басталды.

Ескерткіш баральефті репрессия құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жобалау кеңсесінің басшысы, қоғам қайраткері Сабыр Қасымов ашты.

Елордадағы 70 мектеп-лицейге Темірбек Жүргеновтің есімі берілді
Қалалық білім басқармасы

Сондай-ақ, қазақ өнері мен мәдениетінің қалыптасуына зор үлесін қосқан Темірбек Жүргеновтің өміріне шолу жасаған белгілі жазушы, кинодраматург Айгүл Кемелбаева парасатты ойымен бөлісіп, мектеп қорына көркем фильмге негіздеп жазған сценарийі енгізілген кітапты тарту етті.

Өзгелердің жаңалығы