Елордада «Жыл волонтері» байқауының жеңімпаздары марапатталды

5 Желтоқсан 2022, 16:34
955
Бөлісу:
Елордада «Жыл волонтері»  байқауының жеңімпаздары марапатталды
Фото: автордан

Елордада Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына арналған байқау қорытындыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл сыйлық 2020 жылы Волонтер жылы аясында құрылып, әлеуметтік саладағы жетістіктерімен көзге түскен еріктілерге беріліп отырды. Осыған дейін бұл марапатқа 96 ерікті ие болса, биыл 42 волонтер мен волонтерлік ұйымдар марапатқа лайық деп танылып отыр.

Кезекті байқауға 310 өтінім түсіп, онлайн дауыс беруге 120 үміткер қатысқан. Оларға 30 мыңнан астам адам дауыс беріп, конкурстық комиссия отырысының қорытындысы бойынша 42 волонтер мен ұйым 15 номинация бойынша лауреат болып танылды.

Жаңашырлық пен қамқорлық халқымыздың қанында бар қасиет. Бүгінде елімізде волонтерлік саласы тұрақты дамып келеді. Осыдан екі жыл бұрын елімізде еріктілер саны- 224 болса, олардың саны қазір 700-ге жуықтады. Еріктілер бүгінге дейін еліміздегі барлық оқиғаларда өз көмектерін көрсетіп келеді. Мемлекет басшысының биылғы сайлауалды бағдарламасында да еріктілер де тиісті қолдау жұмыстары көрсетілген,-деп атап өтті өз сөзінде Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қуандықұлы.

Сондай-ақ министрдің сөзінше еріктілерді оқыту үшін бағдарлама дайындалған. Сондай-ақ, жануарларды қорғау бағыты бойынша да түрлі шаралар ұйымдастырылды. Биыл еріктілерді қолдау мақсатында 255-тен астам шағын гранттар табысталғанын айтты.

Үздіктерді марапаттау рәсімінде волонтерлік ұйымдар өз қызметтері туралы арнайы ұйымдастырылған көрмеде таныстырды.

Біздің волонтерлік ұйым еліміздегі медицина жастарының басын біріктіру арқылы, халыққа көмектесу мақсатында құрылған болатын. 2019 жылы Арыстағы жарылыста, біздің еріктілер сонда барып жәрдем көрсетті. Одан кейін де Covid-19 пандемия кезінде халыққа барынша көмек көрсетті. Біздің ұйымда республикаға жуық 2000-ға жуық еріктілер көмек көрсетіп жүр. Бұл біздің бірінші марапатымыз емес. Осыған дейін бірнеше байқаулардан жүлделі орындардан көрініп жүрміз,-дейді  "Медицина жастары" республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Абылайхан Абдрашев.

Елордада «Жыл волонтері»  байқауының жеңімпаздары марапатталды

Іс-шара соңында қазақстандық үздік волонтерлер «БҰҰ еріктілерінің БҰҰ-ны ерекше қолдауы» және «Волонтерлікті дамытуға қосқан зор үлесі» екі номинациясы бойынша марапатталды.

Елордада «Жыл волонтері»  байқауының жеңімпаздары марапатталды
Өзгелердің жаңалығы