Елордада жыл басынан бері 416 өрт тіркелген

5 Қыркүйек 2023, 15:57
685
Бөлісу:
Елордада жыл басынан бері  416 өрт тіркелген
Фото: Астана қаласы коммуникациялар қызметі

Бұл туралы Астана қаласы коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ажар Рүстемова мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Алдағы жылыту маусымында төтенше жағдайлардың туындау қаупін азайту мақсатында қала ішінде 15 тамыз бен 15 қыркүйек аралығында «Өрт қауіпсіздігін алдын-алу» шарасы өтіп жатыр. Мұнда өрттің алдын-алу бойынша профилактикалық шаралар түсіндіріледі.

Ажар Рүстемова алдағы жылыту кезеңін қауіпсіз өткізуге мүмкіндік беретін бірқатар ұсыныстарды жеткізді.

Жылыту жүйелерін алдағы жылыту кезеңіне жөндеу және дайындау керек. Сондай-ақ түтін құбырларын, түтін мұржаларын және жылыту пештері мен жүйелерін кемінде үш айда бір рет тазалап тұру керек. Электр сымдарына тексеру жүргізу, тозған және уақытша схема бойынша төселген электр сымдарын ауыстыруды ұмытпау қажет,-деді Ажар Рүстемова.

Оның айтуынша, қалада өрттің ең көп саны азаматтық қорғау органдарының бақылауынан тыс объектілерде орын алған. Олардың негізгілері тұрғын үй секторы. 

Тұрғын үй өрті бойынша - 167 жағдай, көлік құралдары – 142, жаңадан салынып жатқан объектілер – 21 өрт тіркелген.

Өзгелердің жаңалығы