Елордада жыл басынан бері 23 жылы аялдама салынды

28 Қараша 2022, 21:49
841
Бөлісу:
Елордада жыл басынан бері 23 жылы аялдама салынды

Бүгінгі таңда қала бойынша 180-нен астам жабық типтегі аялдама павильоны орнатылды, деп хабарлады BAQ.KZ.

Жыл басынан бері елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы тағы 23 аялдама павильонын салды. Бүгінгі таңда мердігер ұйым оларды электр қуатына қосу бойынша жұмыстар жүргізуде. Жыл соңына дейін мердігер осы павильондардың барлығын жылумен қамтамасыз етуге міндеттенеді.

Әзірге бұл павильондарда оларды қосу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқаны туралы хабарландыру орналастырылды. Елорда тұрғындары мен қонақтарынан түсіністікпен қарауды сұрайды.

Өзгелердің жаңалығы