Елордада жол жүру ережесін бұзғандар жауапқа тартылды

27 Шілде 2019, 04:38
2248
Бөлісу:
Елордада жол жүру ережесін бұзғандар жауапқа тартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері  жол жүру ережелерін бұзған жаяу жүргіншілерді анықтауда, деп хабарлады елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

24-28 шілдеде «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасының аясында жол-көлік оқиғаларының өсуіне әсер ететін жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге бағытталған жаяу жүргіншілер бойынша рейдтік және алдын-алу іс-шаралары жүргізілуде.   

«Нәтижесінде бір күнде 300-ден астам жаяу жүргіншінің жол ережесін бұзғаны анықталды. Сонымен қатар, 500 жаяу жүргіншімен профилактикалық жұмыс жүргізілді»,-делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, қоғамдық көліктің жүргізушілерімен де жұмыс жүргізілуде. Қоғамдық көліктің жүргізушілеріне қатысты 26 жол жүру ережесін бұзу фактісі анықталып, шара қолданылды. Қоғамдық көліктің техникалық ахуалына жауапты 8 лауазымдық тұлға әкімшілік жазаға тартылған. 

Талдауға сүйенсек, осы жылдың 6 айы ішінде 264 жол-көлік оқиғасы тіркелген, нәтижесінде 10 адам қайтыс болып, 368 адам әртүрлі деңгейде дене жарақатын алды.

 

 

Өзгелердің жаңалығы