Елордада жол қозғалысы қатаң бақылауға алынды

9 Тамыз 2022, 19:01
1865
Бөлісу:
Елордада жол қозғалысы қатаң бақылауға алынды

13-15 қыркүйек аралығында Рим папасы Францисктің елімізге сапары шеңберінде әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының отырысы өтеді.  Халықаралық маңызы бар іс-шара қарсаңында 8 тамыздан бастап бір ай бойы елорда аумағында «Учаске» жедел-алдын алу шарасы өткізіледі,деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар 24 сайтына сілтеме жасап. 

Бұған жауапкершілікті Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті мен Мемлекеттік күзет қызметі өз мойнына алды. 

Ал Ішкі істер министрлігі әзірлеген «Қорғау» жүйесі тәртіп сақшыларының жұмысын едәуір жеңілдетіпті. Бағдарлама енгізілгелі 4 мыңнан астам көлік жүргізушіге жалпы сомасы 282 млн теңге айыппұл салынды. 

Басты назарымызды жол ережесі қауіпсіздігіне аударамыз. Жедел алдын алу шарасы барысында 11 мыңнан астам жол ережесін бұзу жағдайы анықталды. 80 жүргізуші көлікті мас күйінде басқарған. 224 жүргізуші жол қозғалысы кезінде апатты жағдай тудырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 61 көлік иесі қарсы қозғалыс жолағына шыққан және бағдаршамның қызыл белгісіне өткен 315 жүргізуші ұсталды,- дейді   қалалық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Бақытжан Малыбаев.

Өзгелердің жаңалығы