Елордада Жоғарғы соттың судьясы қамауға алынды

10 Сәуір 2021, 12:05
1892
Бөлісу:
Елордада Жоғарғы соттың судьясы қамауға алынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда ҚР Жоғарғы сотының судьясы қамауға алынды.

Бұл туралы елорданың ауданаралық тергеу соты Facebook-те жазды.

Бұған дейін хабарланғандай, 2021 жылғы 11 ақпанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Жоғарғы Соттың ішкі қауіпсіздік бөлімінің бірлескен іс-шараларының нәтижесінде пара алды деген күдікпен Жоғарғы сот судьясы ұсталған болатын.

2021 жылғы 9 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Ж-ға қатысты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады, - делінген хабарламада.
Өзгелердің жаңалығы