Елордада жарнамалық сайт арқылы ақша жымқырушылар көбейіп кетті

13 Қазан 2020, 13:05
1835
Бөлісу:
Елордада жарнамалық сайт арқылы ақша жымқырушылар көбейіп кетті
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Соңғы бір айда жарнамалық сайттарда сатып алушы рөліне еніп, банк карталарынан барлық ақшаны шешіп алатын алаяқтар көбейіп кетті. Бұл туралы бүгін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының бөлім басшысы Талғат Бөлегенов мәлім етті.

Оның айтуынша, қыркүйек айында осындай шағыммен 50 елордалық азамат полицияға жүгінген.

Алаяқтар интернет желісіндегі жарнамаларды пайдаланады. Мысалы, бір затыңызды сатып алайын деп едім, басқа қалада тұрамын немесе өзге де сылтауларды айтып, алдын ала төлем аударады. Артынан мен сізге артық аударып қойыппын деп біраз сомманы қайтару үшін банк реквизиттерін сұрайды. Осылайша ондағы барлық ақшаны иемденеді, – дейді ол.

Сондай-ақ, алаяқтардың мынандай да әдісі бар екен. Хабарландыру иесіне затыңыды сатып аламын деп мессенджер арқылы хат жолдайды. Сосын ақша аудару үшін сілтеме жібереді, ол ешқандай күдік тудырмауы мүмкін. Бірақ басқан кезде бірден фишинг сайтына түсіреді. Ол жерде банк картасының үш таңбалы номірін, жеке сәйкестендіру нөмірі сұралады. Осылайша реквизитке қол жеткізген алаяқ сатушының есепшотындағы ақшаны жымқырады. 

Қыркүйек айында осындай алаяқтықтан зардап шеккен 50 азамат полиция департаментіне арыз жазды. Шығыныңң жалпы сомасы 2,5 миллион теңгені құрап отыр. Өкініштісі соның көбі зейнеткерлер. Бұл түсінікті де, ол кісілер интернет заңдылықтары жөнінде хабарсыз, әрі аңғал келеді. Сондықтан тұрғындарды кез келген тауарды сатқанда, сатып алғанда банк карталарының номерін күдікті адамдарға бермеуге үндейміз. Оны тексеру үшін сол адаммен мессенджер арқылы сөйлеспей, видеоқоңырау арқылы байланысқа шығуын сұраңыз. Әдетте ондлай адамдар аудио жазба жіберуден де бас тартып жатады, өйткені жүзі мен дауысын жасырады, - дейді Талғат Бөлегенов.

Сондай-ақ, интернеттен тауар сатып алғанда да сатушының бар екеніне көз жеткізу қажет. Өйткені желідегі көптеген дүкендер парақшаларын жалған тауарлармен толтырып, тапсырыс қабылдайды. Артынша барлық төлем жасалып, келісілген соң ұшты-күйлі жоқ болып кетеді. Мұндай жағдайлар да жиі орын алады дейді басқармадағылар.

Сайт немесе желідегі парақша арлықы тапсырыс берерде комментарилерді оқыңыздар, тіркелушілердің жалған аккаунттар еместігін тексеріңіз, тікелей байланысқа шығып, тапсырыс беруге тырысыңыздар, - дейді бөлім басшысы.

Талғат Бөлегеновтың айтуынша, барлық фактілер бойынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабымен қылмыстық іс қозғалды. Қылмыскерлердің мүлігі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. 

Қазіргі күні аталған факт бойынша бес іс ашылды, өзгелері бойынша жұмыстар атқралуда. Жалпы интернет алаяқтарын табу оңай емес дейді мамандар.



Өзгелердің жаңалығы