Елордада жаңа Қала құрылысы кодексін әзірлеу мәселелері талқыланды

27 Қаңтар 2023, 19:37
1095
Бөлісу:
Елордада  жаңа Қала құрылысы кодексін әзірлеу мәселелері талқыланды

Бас шаһарда Қазақстан құрылысшылар одағының мүшелері мен «ҚазҚСҒЗИ» АҚ өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізіліп, онда саладағы заңнамалық өзгерістер талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ИИДМ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, кездесуде «ҚазҚСҒЗИ» АҚ-ның бас директоры Бегман Құлбаев елімізде әзірленіп жатқан жаңа Құрылыс кодексі құрылымының жобасын көпшілікке таныстырды. Институттың басшысы қатысушыларға осы заңды дайындау бойынша жұмыстардың барысы мен оны іскерлік ортамен талқылауды қамтитын алдағы жоспарлар туралы айтып берді. 

Құрылыс саласының өкілдері жаңа Құрылыс кодексін әзірлеу жөніндегі жұмысқа белсенді қатысады деп сенеміз. Құрылыс саласындағы өзекті мәселелер барлық тарап, айталық мемлекеттік органдар, сараптамалық қауымдастық және құрылыс компаниялары бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана тиімді шешіледі,- деді Б.Құлбаев. 

Жаңа заңды әзірлеуге құрылыс саласының өкілдері арнайы құрылған жұмыс топтарының қызметі аясында қатысып келе жатқанын айта кетейік.

Өзгелердің жаңалығы