Назарбаев әлем елдері Қазақстанды не үшін жақсы көретінін айтты

17 Қараша 2021, 17:19
887
Бөлісу:
Назарбаев әлем елдері Қазақстанды не үшін жақсы көретінін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ядролық қарусыздану жаһандық форумын еліміздің бас шаһарында өткізуді ұсынды.

Бұл туралы Назарбаев «Астана клуб-2021» отырысында мәлімдеді.

Өз сөзінде Тұңғыш Президент жоспарда жаппай қырып-жою қаруын сатып алуға және таратуға қатысты қатаң санкциялар салынуы тиіс деді.

Әлемнің 70 саясаткері қолдау көрсеткен Ядролық қауіпсіздік және ядролық қарудан азат әлем жаһандық альянсы көшбасшыларының қызметі айрықша мәнге ие бола түседі. Альянс мен ұсынған жоспарды талқылау және әзірлеу үшін орталық алаң әрі қозғаушы күш бола алар еді деп ойлаймын. Осыған орай Қазақстан астанасында Ядролық қаруды тараптау және қарусыздану жөніндегі жаһандық форум өткізуді ұсынамын. Обама Президент болған кезде жыл сайын біз осы тақырыпқа қатысты жиналып, мәселелерді талқылайтын едік. Қазір мұндай алаң жоқ. Мен оны жаңартуды ұсынамын, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ Елбасы тұңғыш рет ядролық қарудан бас тарту келісімінде ескерілмей қалған мәселелерді атап өтті.

Сынақ өткізбеу туралы келісімге қол қойған кезде бір мәселе ескерілмей қалды.Егерде белгілі бір мемлекет мәлімдемелерді бұзған жағдайда, қаруды таратпау немесе жасамау секілді міндеттемелерді орындамаған кезде ол мемлекеттерге қандай шаралар қолданылады? Мәселен, қазіргі Пәкістан, Үндістан және басқа да ядролық қарулы мемлекеттер пайда болғанда қандай әрекеттер іске асыралтын еді. Ол кезеңде бұл проблема тыс қалған еді. Бірақ Қазақстан жылдар бойы сынаққа қарсы болды. 49 жыл бойы елімізде әртүрлі 600-ге жуық жер асты және жер үсті сынақтарын өткізілді. Бұл уақытта Кеңес одағының әскери қоғамы мен қоғамдастық қолдау көрсетпеді. Алайда, еліміз соның өзінде ядролық қаруды жабу туралы шешім қабылдады. Сол себептіде бүгінгі күні бүкіл әлем бізді сыйлайды, -деді Назарбаев.

Тұңғыш Президенттің сөзінше, әлемдік қоғамдастық ядролық қауіп-қатермен бетпе-бет келгендіктен бірігуі қажет.

Ядролық қаруды таратпаудың шынайы жұмыс істейтін тетіктерін әзірлеу қажеттігі баяғыда-ақ пісіп-жетілді. Бұл ретте айрықша жауапкершілік «ядролық бестік» елдерінде жатыр. Бірнеше жыл бұрын, нақтырақ айтқанда «Азия-Еуропа» конференциясында мен барлық ядролық мемлекеттердің қатысуымен стратегиялық шабуылдаушы қару-жарақтарды жалпыға бірдей қысқартудың нақты жоспарын әзірлеуді ұсынған едім. Оны БҰҰ қамқорлығымен қабылдауға болар еді, - деп атап өтті Елбасы «Астана клуб-2021» отырысында.

Өзгелердің жаңалығы